Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2-24-60
IT-орталық
8 (707) 218 11 91
Нашар көрушілір
нұсқасы
"Сабақты зерттеу - мектептің зерттеушілік және инновациялық әлеуетін арттырудың тиімді тәсілі"
06
апрель
2022

"Сабақты зерттеу - мектептің зерттеушілік және инновациялық әлеуетін арттырудың тиімді тәсілі"






№1 мектеп -гимназиясында 6.04.22 ж. ПШО Тараз қаласындағы филиалымен бірлескен "Сабақты зерттеу - мектептің зерттеушілік және инновациялық әлеуетін арттырудың тиімді тәсілі" тақырыбында аудандық онлайн семининар өтті. Байзақ аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Т.Данаева семинарды ашып берді. Семинар барысында №1 мектеп-гимназия директоры Г.Р.Жаманова "Сабақты зерттеу - мұғалімнің кәсіби дамуының негізі", ДӘІЖО Г.А.Мураталиева " Сабақты зерттеу - мектептің ғылыми -әдістемелік жұмысының маңызды аспектісі", ПШО тренері Г.Б.Тортаева "Сабақты зерттеу арқылы мұғалімді зерттеушілік және инновациялық әрекетке ынталандыру" тақырыбында сөйледі. Семинар соңында №1 мектеп-гимназиясының мұғалімдері өздерінің Сабақты зерттеу барысындағы іс-тәжірибелерін ортаға салып әріптестерімен бөлісті.Семинар соңы әріптестердің өзара пікірталастарымен жалғасты.