Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2-24-60
IT-орталық
8 (707) 218 11 91
Нашар көрушілір
нұсқасы
«Сабақты зерттеу тәсілі-біздің тәжірибемізде»
09
апрель
2022

«Сабақты зерттеу тәсілі-біздің тәжірибемізде»








«Сабақты зерттеу тәсілі-біздің тәжірибемізде» тақырыбында №1 мектеп-гимназиясы ұстаздарының ұйымдастыруымен 9 сәуір күні  серіктес А.С.Пушкин орта мектебінде әдістемелік десант іс-шара болды. Іс-шарада жетекші мектеп қабырғасында құрылған фокус-топтар сабақты қалай зерттеу жүргізгендері туралы баяндады. Директордың ақпараттық ісі жөніндегі орынбасары Мақпал Салғараеваның жетекшілігімен мұғалімдер тобы десант жұмысын өткізді. Мектепте құрылған 13 фокус-топтың 5-еуі өз жұмыстарын қорғады.  Атап айтқанда, «Оқушылардың айтылым дағдысын дамытудағы тірек-сызбалардың тиімділігі » Гапарова Сания Хакимовна, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, «Развитие познавательной активности учащихся через  методы и приемы   критического мышления на уроках русского языка и литературы ». Абдукаримова Сара Рахимбековна, учитель руского языка и литературы, «Оқушылардың өз бетінше есеп шығару дағдысын дамытуда алгоритм картасының тиімділігі» Абдимомынова Салтанат Утамуратовна, математика пәні мұғалімі, «Зерттеушілік тапсырмалардың оқушылардың интерпретациялау дағдысын дамытуға ықпалы» Раушанова Толкын Каржаубаевна, тарих пәні мұғалімі, «Деңгейлік тапсырмалардың оқушылардың математикалық үлгерімін жетілдіруге әсері» Досжанова Айнур Медетбековна, бастауыш сынып мұғалімі.
Мұғалімдер «Сабақты зерттеу» жобасы туралы толық  ақпарат берді. Топ құруға ниеттес мұғалімдер тартылса, жоба дұрыс жүргізіледі деген ой айтылды. Ынтымақ – жобаның ең негізгі  алғы шарты. Серіктес мектеп мұғалімдері осы жобаны серіктесе отырып  жасайық  деген ұсыныс айтты. Әдістемелік десант жобасы жетекші және серіктес мектеп мұғалімдері үшін тиімді болды.