Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2-24-60
IT-орталық
8 (707) 218 11 91
Нашар көрушілір
нұсқасы
«Оқытудың интербелсенді әдістерін сабақ үдерісінде пайдалану тақырыбында вебинар
22
февраль
2021

«Оқытудың интербелсенді әдістерін сабақ үдерісінде пайдалану тақырыбында вебинар







Жетекші №1 мектеп-гимназиясының серіктес мектептермен жұмыс жоспарына сәйкес 22 ақпан күні М.Әуезов атындағы орта мектеп мұғалімдері «Оқытудың интербелсенді әдістерін сабақ үдерісінде пайдалану тақырыбында вебинар өткізді.  
   Вебинарды №1 мектеп-гимназиясының директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Гүлназ Мураталиева вебинардың бағдарламасымен таныстырды. 
Вебинардың тізгігін  М.Әуезов атындағы мектеп директоры мен мұғалімдері алып, өз таныстырылымдарын қорғады.  
 Мектеп басшысы Перизат Тлегенова « Оқыту процесіндегі интербелсенді әдістер туралы жалпы түсінік» тақырыбында баяндама жасады.  Ұстаздармен кері байланыс жасап, әдістер туралы ақпаратты жаңғыртты.
Келесі сөзді директордың бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары Қарлығаш Рысмендиева жалғастырды. Ол  «Белсенді әдістерді сабақта қолдану» тақырыбында ой бөлісті. 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Салиха Сатиенова Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі» 9 сыныпта, биология пәнінің мұғалім Салтанат Абдраймова «Жүрек қантамыры жүйесінің аурулары» 8 сыныпта, тарих пәнінің мұғалімі Арай Абилова «Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы» 5 сыныпта өткен ашық сабақтарын қорғады. Сабақта қолданған интербелсенді әдістер арқылы қандай нәтижеге жеткендерін ұстаздар дәлелдемелер арқылы баяндады. 
Қорытынды сөзді жетекші мектеп үйлестірушісі Айнұр Досжанова айтты. Вебинар жұмысын қорытындылап, өз тәжірибесіндегі әдіс туралы сөйледі. Осындай іс-шаралар серіктес мектептер арасында алдағы уақытта да жалғасын табады.