Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2-24-60
IT-орталық
8 (707) 218 11 91
Нашар көрушілір
нұсқасы
"Инновациялық педагогикалық технологиялар жаңартылған бағдарлама аясында қазақ тілін оқыту жұмысының маңызды шарттарының бірі ретінде" тақырыбында аудандық вебинар
16
февраль
2021

"Инновациялық педагогикалық технологиялар жаңартылған бағдарлама аясында қазақ тілін оқыту жұмысының маңызды шарттарының бірі ретінде" тақырыбында аудандық вебинар

16.02.21ж.күні №1 мектеп-гимназиясында "Инновациялық педагогикалық технологиялар жаңартылған бағдарлама аясында қазақ тілін оқыту жұмысының маңызды шарттарының бірі ретінде" тақырыбында аудандық вебинар болып өтті. 
Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ерекшелігін саралай отырып, оқушының тілін, танымын, логикалық ойлауын, жазу стилін дамытудағы белсенді әдіс-тәсілдердің тиімділігін көрсету.
Вебинардың алғашқы сөзін аудандық білім бөлімінің әдіскері Қ.Маутаева ашып берді. Вебинарда инновациялық педагогикалық технологиялардың маңызы туралы Ғ.Бердыбаева,  "Ғ.Мүсірепов "Ұлпан" романын оқытуда инновациялық әдістерді қолданудың тиімділігі" туралы  Қ.Қылышмағанбетова, "Қашықтықтан оқу кезінде оқу мақсатына сай әдіс-тәсілдерді таңдау және баллдық бағалауды нақты жүргізу" тақырыбында А.Қуанова, "Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында Google формада, Telegram ботта тапсырма құрастырудың тиімді жолдары" туралы М.Тұрсынбаева, С.Гапарова айтып өтті.
Вебинарға аудан мектептерінің мұғалімдері қатысып, маңызды ақпараттармен танысты.