Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2-24-60
IT-орталық
8 (707) 218 11 91
Нашар көрушілір
нұсқасы
"Қашықтықтан оқыту жағдайында оқу-тәрбие үрдісіндегі қиындықтар және оны шешудің тиімді жолдары"
14
ноябрь
2020

"Қашықтықтан оқыту жағдайында оқу-тәрбие үрдісіндегі қиындықтар және оны шешудің тиімді жолдары"

               14.11.2020ж. күні Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі №1 мектеп-гимназиясында серіктес мектептермен "Қашықтықтан оқыту жағдайында оқу-тәрбие үрдісіндегі қиындықтар және оны шешудің тиімді жолдары" тақырыбында онлайн вебинар өткізілді. Мақсаты: Қашықтықтан оқыту жағдайында оқу - тәрбие үрдісіндегі қиындықтардың алдын алу және оны шешудің тиімді жолдарын серіктес метептерге ұсыну.  Онлайн вебинарға М.Әуезов о.м, Ә.Жанқұлиев о.м, Сарыбарақ н.г, Ақтөбе б.м, Еңбек б.м, Үшбұлақ б.м, Аққия б.м, Багара б.м мектептері қатысты. Вебинарда ДОӘІЖО: Г.А.Мураталиева "Қашықтықтан оқытуда мұғалім мен оқушының әрекеттестігін ұйымдастыру", жетекші мектеп үйлестірушісі: А.М.Досжанова "Білім беру платформалары: оқу, даму, іздену", ДАІЖО: М.С.Искаков "Дарын онлайн платформасын қолданудың әдіс-тәсілдері", математика пәнінің мұғалімі: Е.М.Сапаров "Әлеуметтік желіге сабақтарды жүктеу тәсілі" тақырыбында әдістемелік көмек көрсетті.