01
сентябрь
2020
1қыркүйек білім күніне орай ата-аналармен онлайн семинар





1 мектеп-гимназиясында 1қыркүйек білім күніне орай. " Қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылардың сабаққа дайындығы барысында ата-аналарға психологиялық көмек" тақырыбында ата-аналарға онлайн семинары өткізілді.
Мақсаты: Ата-ана баласының өз бетінше білім алуына, оқуға деген ынтасының төмендемеуіне тиісті деңгейде қолдау , көмек көрсету. Қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылардың сабаққа дайындығы барысында ата- аналарға психологиялық көмек көрсету.
Семинар барысында мектеп психологтары ата- аналарға WhatsApp желісі арқылы видео роликтер , слайдтар, жаднамалар таратумен қатар ата-аналарды толғандырып жүрген сұрақтарына жауаптар берді. Семинарға ата-аналар белсене қатысып балаларының қашықтықтан оқыту жағдайындағы проблемалары мен бөлісіп сұрақтар қою арқылы балаларының оқуға ынтасын арттыру бағытында көбірек мотивациялық видео роликтер арқылы қолдау керектігі туралы ұсыныстар айтылды