Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2-24-60
IT-орталық
8 (707) 218 11 91
Нашар көрушілір
нұсқасы
18
январь
2019

Білімді ұрпақ-ел болашағы

Байзақ ауданы № 1 мектеп-гимназиясында 2019 жылдың 18 қаңтар күні 
ДТІЖО И.Н.Мектепбаеваның ұйымдастыруымен «Білімді ұрпақ-ел болашағы» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. 
Мақсаты: Аудандық, облыстық олимпиада жүлдегерлерін марапаттау. Салтанатты жиын осы оқу жылында білім белесін бағындырған аудандық, облыстық олимпиада жүлдегерлерін марапаттауға арналды. Сондай-ақ, балаларының интеллектуалды дамып, жан-жақты болулары үшін педагогтарға көмек көрсетіп жүрген ата-аналарға да алғыс айтылды. Биылғы оқу жылында аудандық пән олимпиадасына 38 оқушы қатысып, соның ішінен 17 оқушымыз өз білімдерін білім додасында дәлелдеді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілген оқушылардың облыстық олимпиадасында 2 оқушымыз жүлделі орынға ие болды.Мектеп-гимназия директоры Жаманова Гүлпаш Рамазанқызы салтанатты жиынды ашып, олимпиада жүлдегерлерін дипломдармен марапаттады.Сонымен қатар шәкірттерге білім беруде талмай еңбек етіп, білгенін жетілдіру жолында,үнемі ізденісте жүрген озық ұстаздарымыз орыс тілі пәнінің мұғалімі Абдукаримова Сара Рахымбекқызы мен тарих пәнінің мұғалімі Молдашева Нұргүл Байұзаққызы сөз сөйлеп, олимпиада жүлдегерлері Бақытбекұлы Егемберді, Қирашова Жайна, Сүндетова Ақшолпан ұстаздарына жүрек жарды алғысын білдірді. Салтанатты жиында ата-аналары атынан Шубекова Гүлайым Қайырбекқызы құттықтау сөз сөйледі. 







Похожие публикации:

13 ноябрь 2018 Мекен-жайымыз