Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2-24-60
IT-орталық
8 (707) 218 11 91
Нашар көрушілір
нұсқасы
Жетекші мен серіктес мектептер ынтымақтастығы
14
ноябрь
2019

Жетекші мен серіктес мектептер ынтымақтастығы

         №1 мектеп-гимназия базасында 14 қараша күні " Жетекші мен серіктес мектептер ынтымақтастығы" тақырыбында ашық есік болды.Ашық есікке серіктес Аққия, Бағара, Еңбек, Ақтөбе, Үшбұлақ бастауыш М.Әуезов, Ә.Жанқұлиев Сарыбарақ орта мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері шақырылды. Ашық есіктің мақсаты: Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру, оқытудың инновациялық тәжірибесін тарату. Мектеп-гимназия директоры Гулпаш Жаманова мен директордың орынбасары Өнерхан Алданбекова ашық есіктің бағдарламасымен таныстырды. Мұғалімдер 3 сабаққа қатысты.Мұғалімдер "Биоақпараттану және синергетика" технологиясының карталарын қолданды. 4 сынып мұғалімі Нұрымбетова Айгүл математика пәнінен "Көптаңбалы сандарды екі таңбалы сандарға бөлу" тақырыбын "Биоинтернет", ал 4 сынып мұғалімі Тұрғынбаева Света әдебиеттік оқу пәнінен "Зерделі" тақырыбын "Ауызша сабақ-1 " карталарымен жүргізді. 1 сынып мұғалімі Досжанова Айнұр "Қайталау-білім анасы" айдарымен аз уақытта сынып оқушыларының математика пәнінен білім сапасын анықтау жолын көрсетті. БжС технологиясының бақылау қима алу техникасы арқылы оқушылардың 10 көлеміндегі сандарды қосу кестесі тақырыбын қаншалықты меңгергендері анықталды. Білім сапасы 100 пайыз болды. Ал бірлестік жетекші Төлепбергенова Алтын "Бастауыш сынып пәндерін оқытуда қолданылатын тәсілдер" тақырыбында тренинг өткізді.Іс-шара жоғары деңгейде өтті деп қатысушылар кері байланыс берді. Осындай іс-шара өз жалғасын табады.