31
январь
2019
Интерактивті технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыру жолдары
Бүгін мектебімізде "Интерактивті технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыру жолдары" тақырыбында аудандық семинар-практикум өткізілді. Семинар-практикумның мақсаты: Интерактивті технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыру бойынша Киікбаев мектеп-гимназиясының ұстаздарымен бірлескен озық педагогикалық тәжірибені тарату, тәжірибе алмасу. Мектебіміздің мұғалімдері серіктес мектеп басшыларына, негізгі пән мұғалімдеріне, сабақтарында "Биоақпараттану және синергетика" технологиясын қолдана отырып, білім сапасын арттыру жолдарын көрсетті.