"Тортай мінер ақ боз ат " әңгімесінің композициялық құрылымы" тақырыбында онлайн ашық сабақ
2021 жылдың 18 ақпан күні Байзақ ауданы 1мектеп- гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ахмедова Гульзабира 6"Б" сыныбына Оралхан Бөкейдің "Тортай мінер ақ боз ат " әңгімесінің композициялық құрылымы" тақырыбында онлайн ашық сабақ өткізді. Шығарма композициясы "Хикая картасы" әдісі арқылы суреттер мен эпизодтар арқылы ашылды. Сабақ барысында мақсатқа бағытталған тапсырмалар 10 баллдық жүйемен дескриптор арқылы бағаланды.Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, қызығушылығы артты. Сабақ өз мақсатына жетті.