М. Әуезовтің "Абай жолы" роман- эпопеясы Тайғақта тақырыбында ашық сабақ
2021 жылдың 12 ақпан күні Байзақ ауданы #1 мектеп- гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бердыбаева Ғазиза тілдер айлығы аясында офлайн форматта 11 "А" сыныбына М. Әуезовтің "Абай жолы" роман- эпопеясы Тайғақта тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында "Абай жолы" роман—эпопеясының 1-кітабын бекіту мақсатында "Графикалық диктант" әдісі, "Ойталқы" әдісінде білім алушылар шығармада айтылған шет ел жазушыларының пікіріне өз ойларын білдірді. Бөлім бойынша берілген үзіндіні мазмұны аясында проблемалық сұрақтар құрастырды. Сонымен қатар, Телеграмм ботта бөлімге қатысты тест сұрақтарын құрастырып шешті. Сабақ жоғары деңгейде өтті.