Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2-24-60
IT-орталық
8 (707) 218 11 91
Нашар көрушілір
нұсқасы
«Көксерек пен Аққасқаның айқасы» тақырыбында ашық сабақ
18
февраль
2021

«Көксерек пен Аққасқаның айқасы» тақырыбында ашық сабақ

2021 жылдың 18 ақпан күні №1 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Буралхиева Гаухар тілдер айлығы аясында онлайн форматта 7"Ә"сыныбында Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі бойынша «Көксерек пен Аққасқаның айқасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақты өткен тақырыппен байланыстыра отырып, жаңа тақырыпты мәселе әдісі бойынша пысықтады. Оқушылар «Көксерек» фильмінен үзінді көріп, шығармамен салыстырды. Тақырыпты қорытындылау мақсатында оқушылар шығарманың эстетикалық құндылығы жағынан талдап, шағын сыни шолу жазды. Сабақ барысында оқушыларға берілген тапсырмалар 10 баллдық жүйемен тапсырманың дескрипторы арқылы бағаланды. Оқушылар сабаққа өте белсене қатысып, қызығушылықтарын танытты. Сабақ өз мақсатына жетті.