"Тортай мінер ақ боз ат"әңгімесі тақырыбында ашық сабақ
2021жылдың 16 ақпан күні №1 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шыныбекова Әлия тілдер айлығы аясында онлайн форматта 6"А"сыныбында Оралхан Бөкейдің"Тортай мінер ақ боз ат"әңгімесі тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақты өткен тақырыппен байланыстыра отырып, жаңа тақырыпты болжау стратегиясы бойынша сөзжұмбақ арқылы ашты. Қалыптастырушы бағалау 10 балдық жүйемен бағаланды. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, сабаққа деген қызығушылықтарын танытты. Сабақ өз мақсатына жетті.