"Lesson Study-сабақты зерттеу әдісі" тақырыбында коучинг
02.12.2020ж күні №1 мектеп-гимназиясының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "Lesson Study-сабақты зерттеу әдісі" тақырыбында коучинг өткізілді. Аталған іс-шараға мектептің деңгейлік курсты тамамдаған ұстаздары мен серіктес мектептердің Аққия бастауыш мектеп, Еңбек бастауыш мектеп, Багара бастауыш мектеп, Сарыбарақ о.м, М.Әуезов, Ә.Жанқұлиев мұғалімдері қатысып өзара тәжірибе алмасты. !с-шара барысында мектеп директоры Г.Р.Жаманова тиімді жақтарын, ДОІЖО С.Т.Құсбекова "Lesson Study-ды сабақта қолданудың әдіс-тәсілдерін атап көрсетті. Іс-шара соңында ДАІЖО М.С.Искаков қашықтықтан оқыту жағдайында Microsoft Teams платформасының тиімділігі туралы қонақтармен таныстырып өтті.