Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2-24-60
IT-орталық
8 (707) 218 11 91
Нашар көрушілір
нұсқасы
17
апрель
2021

Әдеп кеңесінің жиналысы

№1 мектеп-гимназиясында 17.04.2021ж күні Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығына сәйкес мектеп жанынан құрылған әдеп кеңесінің жиналысы өтті.  Кеңестің негізгі міндеттері:  білім беру ұйымдарында педагогикалық әдепті сақтауды қамтамасыз ету; педагогикалық әдепті бұзуға ықпал еткен себептер мен жағдайларды талдау; педагогтердің тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені дұрыс қарау үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу болып табылады.
Күн тәртібінде:
1. Педагогикалық этика және Кеңесті құру туралы ережені қарау және бекіту
2. Мұғалімнің өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі сыртқы келбеті
3. Педагогикалық этика нормалары мен ережелерін сақтау міндеті,-қаралды.
Әдеп кеңесінің төрайымы С.Гапарова педагогикалық этикаға байланысты баяндама оқыса, мектеп директоры Г.Р.Жаманова әдеп кеңесінің мүшелерімен таныстырып өтті. Жиналыс барысында әдеп кеңесінің мүшелері сөз алып, педагогикалық этика туралы ойларымен бөлісті.