09
сентябрь
2020
Қамқоршылық кеңесінің отырысы



Байзақ ауданы №1 мектеп-гимназиясында 2020 жылдың 9-шы қыркүйек күні Қамқоршылық кеңесінің отырысы болды. Кеңес отырысын Қамқоршылық кеңесінің төрағасы П.Ахметов ашып, ата-ана комитеттерін отырыстың күн тәртібімен таныстырды. Қамқоршылық кеңесі отырысында «Оқу-тәрбие жұмысы және басқару жұмыстарының барысы», 2019-2020 оқу жылындағы жөндеу жұмыстары, тұрмыс жағдайы төмен оқушыларға әлеуметтік қолдау көрсету туралы мектеп-гимназия директоры Г.Р. Жаманованың Қамқоршылық кеңесі алдындағы есебі тыңдалды.