«Оқу-тәрбие және басқару жұмыстарының барысы»
Байзақ ауданы №1 мектеп-гимназиясында 2019 жылдың 12-ші желтоқсан күні Қамқоршылық кеңесінің отырысы болды. Кеңес отырысын Қамқоршылық кеңесінің төрағасы П.Ахметов ашып, ата-ана комитеттерін отырыстың күн тәртібімен таныстырды. Қамқоршылық кеңесі отырысында «Оқу-тәрбие және басқару жұмыстарының барысы» туралы мектеп- гимназия директоры Г.Р. Жаманованың Қамқоршылық кеңесі алдындағы есебі тыңдалды. Кеңес отырысында мектеп-инспекторы Байзақ АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция лейтенанты М. Умирбекова жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтар және оның алдын-алу жолдары туралы айтты. Кеңес мүшелері және отырысқа қатысқан ата-ана комитеттері атқарылған жұмыстарға оң бағасын бере отырып, бірлесе жұмыс жасайтындықтарын және ұсыныс, талап, тілектерін айтты.