Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2-24-60
IT-орталық
8 (707) 218 11 91
Нашар көрушілір
нұсқасы
09
март
2020

Наргеева Агура Маарбановна

 

Наргеева Агура Маарбановна,

                                            Мектептің 1982 жылғы түлегі

         Педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері, тренер

                         Құрметті мектеп басшылығы, ұстаздар және оқушылар қауымы! 

Алтын ұямыздың 80 жылдық мерейтойы барлығымыз үшін құтты болсын! Мектеп облысымыздың білім жүйесінде  ерекше  құрметті орынға лайық. Оған мектептің педагогикалық ұжымының жоғары кәсіби біліктілігі, өз істеріне деген сүйіспеншілік, шығармашылық қызметтеріңіздің арқасында қол жеткіздіңіздер. Білім ордасының қазіргі заман талабына сай білім беру жүйесі, оқу үрдісі ғылым мен тәжірибені қатар ұштастырған ұтымды нәтижелері еліміздің игілігне ұсынып келе жатқан жемістері – өз алдына бір төбе әңгіме.  

Мектеп ұстаздары жылдан-жылға балаларға жоғары адамгершілік, шыншылдық, өз ісіне деген жауапкершілік қасиеттерді сіңіруде тамаша үлгі болуда.

          Ұжым өзінің 80 жылдық тарихында кең байтақ елімізде еңбек етіп жүрген мыңдаған түлекті оқытып, өмірге жолдама берді. Бұл кезең – кемелдену, іргелі зерттеулер мен ғылыми ізденістерге толы жылдар болды.

          Уақыттың ұлы көшінде халқымыздың мақтанышына айналған білім ордасы талай-талай асулардан асып, небір биік белестерді бағындырды.  Балалардың болашағы үшін Сіздердің күннен-күнге атқарып жатқан ерен еңбектеріңіз ең жоғары марапаттарға лайық.  Педагогикалық ұжымға, мектеп ардагерлеріне, оқушыларға және ата-аналарға денсаулық, әр игі істеріңіз бен бастамаларыңызға сәттілік тілеймін.