Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2-24-60
IT-орталық
8 (707) 218 11 91
Нашар көрушілір
нұсқасы
02
март
2019

Мектепке тағзым

2019 жылдың 02 наурыз күні Байзақ баба жеріндегі киелі қара шаңырағы №1мектеп- гимназиясында  Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» аясында « Мектепке  тағзым» тақырыбында  мерекелік кеш өткізілді. Мерекелік  кешке осы мектептің іргетасын қалаған Табылдиев Ұябай атамыздың келіні Табылдиева Рысбай мен ұрпақтары, жергілікті ақын Қасқырбай Нарбатыр, Қызыл Жұлдыз ауылының тұрғыны, 101 жастағы  Ибрагимова Марзия әже, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылдық округінің әкімі, осы мектептің түлегі  Тілеуқұлова   Сәуле Сейдимханқызы  және осы мектепке мұғалімдік қызмет атқарып,зейнеткерлерге шыққан ардагер ұстаздар Қуатбекова  Шоқан, Сара Айтейқызы, Барманқұлова Гүлдар, Абдрахманова Бақыт, Мадраймова Мейізкүл, Назарова Салиха, Юсупбекова Баршай, Тәжібай Әуезбай, Арыстанбаева Қалжан, Гуля Маханқызы, Заурбекова  Фатима, Нұрмаханова Абриза,  гүлзина Абдуллаева, Салима Бейсенқұлова, мадина Омарова, Кадірова Пернекүл,  Каменбаева   Жібек, Доснарова Гүлжаһан  және мектеп ұжымы қатысты.

«Мектепке тағзым» атты мерекелік кешті мектеп-гимназия директоры Г.Р. Жаманова ашып, ұлттың ұлы бастамасына айналған Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген іс-шаралардың атқарылып жатқандығын айта келе, осы мектептің іргетасын қалаған Табылдиев Ұябай атамыз өзі өмірден өтсе де, осы әулеттің келіні, абзал анамыз Табылдиева Рысбай мен ұрпақтары осы дәстүрді жалғастырып, математика кабинетінің жабдықталуына өз үлестерін  қосып, демеуші болып отырғандығын  және Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылдық округінің әкімі, осы мектептің түлегі   Тілеуқұлова  Сәуле Сейдимханқызы  рәміздер  бұрышының  жасалуына   көмек көрсетіп, демеушілік  жасады. Жергілікті сазгер ақын Қасқырбай Нарбатыр лебізін  білдіріп, «Арнау» өлеңін оқыды. Мерекелік кештен соң рәміздер  бұрышы мен кабинеттердің ашылу салтанаты өткізілді. Мектебіміздің кішкентай бүлдіршіндері өз өнерлерін көрсетті. Мектебіміздің  мұғалімдері мен оқушылары ән-шашу арнап, өз өлеңдерін оқыды. Іс-шара жақсы деңгейде өткізілді.




Похожие публикации:

03 сентябрь 2018 Мектеп ұжымы
13 ноябрь 2018 Мектеп тарихы
13 ноябрь 2018 Мекен-жайымыз