15
февраль
2023
«Ұшқан ұя» повесіне талдау сағаты




№1 мектеп –гимназиясында 2023жылдың 15 ақпан күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қазақ-тілі пәні мұғалімі М.Тұрсынбаева 8 сынып оқушыларымен Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесіне талдау сағатын өткізді
Мақсаты:
Батырдың балалық шағы немесе жалпы «Ұшқан ұя» повесін оқығандығы туралы не білетіндерін ескере отырып, ұлттық тәрбие, өнеге, халық даналығын талдап шығуға мүмкіндік беру. Бауыржан Момышұлын терең сезіну, қайталанбас азамат тұлғасынан үлгі алу, Бауыржан шыншылдығының дәрежесінің адамгершілік кемелдігіне тоқталу.
Топпен жұмыс негізінде оқушының ойлау қабілетін дамыту, өз ойын тұжырымдауға және басқалардың пікірін сыйлауға үйрету. Повестегі батыр бейнесін мәтіндегі деректерден алынған үзінділер, әріптестерінің естеліктері арқылы толықтыру. Ұлттық тәлім - тәрбие, өнеге, салт - дәстүрді, отанды сүйетін ұлтжанды, парасатты сезімтал ұрпақ тәрбиелеу.