Шығарманы жан — жақты талдай отырып Аян бейнесін ашу, оқушы санасына сіңіру. Өтілген тақырып бойынша білімдерін жинақтап бекіту, оқушының ойлау шеберлігін жетілдіру. Бір-бірінің пікірін тыңдай білуге үйрету, өздерін әділ көзқараспен қарауына, сыни ойлауға жетелеу. АКТ-ны тиімді пайдалана отырып, диалогтық оқытуды дамыта отырып, достыққа тәрбиелеу. Шығарма мәтінімен жүйелі жұмыс жасай алуға үйрету мақсатында №1 мектеп –гимназиясында 2023 жылдың 14 ақпан күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қазақ-тілі пәні мұғалімі Ғ.Бердібаева 6 сынып оқушыларымен Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі әңгімесіне талдау сағатын өткізді.