Оқушыларды Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақ батыры Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерліктері, айтқан нақыл сөздерімен таныстыру, оқушыларға Бауыржан Момышұлының өмірін насихаттай отырып, Отанға деген, өмірге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту, жас ұрпақты елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу мақсатында №1 мектеп-гимназиясында Б.Момышұлының ерлігі туралы сынып сағаттары өткізілді.