Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2-24-60
IT-орталық
8 (707) 218 11 91
Нашар көрушілір
нұсқасы
«Діни экстремизм мен діни ағымдардың қоғамға келтіретін кері әсері»
20
апрель
2022

«Діни экстремизм мен діни ағымдардың қоғамға келтіретін кері әсері»







20.04.2022 күні Байзақ ауданы, № 1 мектеп-гимназияда  «Діни экстремизм мен діни ағымдардың қоғамға келтіретін кері әсері» тақырыбында  директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жумагулов Бауыржан Альменович, тарих пән мұғалімі Садыкова Айжан Жұмабайқызының ұйымдастыруымен мектептің 9 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді. 
Мақсаты: Білім алушыларды «зайырлылық» принципін құндылық, яғни мемлекет баяндылығының басты тұғыры ретінде қабылдауға, дінді зайырлы таным аясында тануға үйрету; 
- білім алушыларды экстремизм, терроризм және діни радикализм идеологияларын қабылдамауға үйрету, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде толеранттылық қасиетке тәрбиелеу және олардың гуманистік дүниетанымын қалыптастыру. 
Дөңгелек үстелге Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі жастар ресурстық орталығының дін саласына жауапты маманы Арғынбаева Сауле Қуанышқызы, Жамбыл облысы дін проблемаларын зерттеу орталығының ауданға бекітілген теолог қызметкері, дін маманы Құлназаров Байлхан Нұрланұлы, аудандық ішкі істер бөлімінің  мектепке бекітілген учаскелік испекторы Танабаев Азат Канатович келіп қатысты. Байлхан Нұрланұлының дайындап әкелген  бейнефильмдері оқушыларға көрсетілді.  Оқушылар өздерінің ойларымен бөлісіп, көкейкесті сұрақтарын дін мамандарына қойды. 
Оқушылардың бойына діни сана мен діни білімді қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі екендігін айта отырып, еліміздің тарихы мен мәдениетін, діни мәдениет негіздерін танып, өзіндік, қоғамдық пікір қалыптастыра алғанда ғана  Отанын сүйетін, ұлтжанды, қоғамға пайдалы азамат қалыптасады деп сөзін аяқтады дін маманы, теолог Байлхан Нұрланұлы.