№1 мектеп-гимнпзиясында 16.09.2021ж күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіз Қазақстан: жасампаздыққа толы жылдар. Байзақ ауданының жетістіктері" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: ел тарихын құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге тәрбиелеу. Іс-шараға ауданымыздың мәртебесін көтеріп жүрген ,өз істерінің маманы бола білген,ауданымыздың көркейіп өркендеуіне, мәдени және білім саласына өлшеусіз үлес қосып жүрген азаматтар шақырылды. Сарыкемер ауылдық округінің әкімі Тлеукулова Сауле Сейдимханқызы Байзақ ауданы орталығы Сарыкемер ауылының жетістіктерін атап айтып өтті. Республикалық патриоттар әндер байқауының лауреаты, Қазақстан республикасының мәдениет үздігі Исабаев Алмахан Аруанұлы тәуелсіздік жылдарындағы ауданымыздың мәдени жетістіктері туралы сөз етті. Жас ұрпақтың бойына патриоттық рух беріп тәрбиелеуде үлес қосқан №1 мектеп гимназия директоры Жаманова Гульпаш Рамазановна жастардың бойындағы патриоттыққа баға берді. Дөңгелек үстелге қатысқан оқушылар өздерінің сұрақтарын келген қонақтарға қойды. Іс-шараны Алмахан Аруанұлы қазақтың патриоттық "Атамекен" әнін орындап, қорытындылады.