Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2-24-60
IT-орталық
8 (707) 218 11 91
Нашар көрушілір
нұсқасы
Орыс тілі мен әдебиеті пәндік айлығының "Русский язык- путь к успеху" атты тақырыбында ашылу салтанаты
05
февраль
2024

Орыс тілі мен әдебиеті пәндік айлығының "Русский язык- путь к успеху" атты тақырыбында ашылу салтанаты

№1 мектеп-гимназиясында 5.02.24 -23.02.2024ж   орыс тілі мен әдебиеті пәндік айлығының  "Русский язык- путь к успеху" атты тақырыбында ашылу салтанаты өтті.
 Апталықтың ашылуына дейін мектептің фойесінде орыс тілі мұғалімдері кітап көрмесін, юбиляр  жазушылардың және ойын-сауық материалдары бар стендтер жасады. Апталықтың мақсаты оқушыларға орыс тілінің маңыздылығын түсіндіру, қызығушылықтарын ояту. Оқушылар орысша өлеңдер, тақпақтар оқыды. 5 сынып оқушылары  И.А. Крыловтың «Шегіртке мен құмырсқа», «Түлкі мен қарға» мысалдарын сахналандырып көрермендердің ықыласына бөленді. Ал 7 сынып оқущылары «Учеба Ашибкина» тақырыбында көрініс қойды, оқушыларды сауатты жазып, сөйлеуге шақырды.
 Орыс тілі пәні бірлестігі мұғалімдері әр жылы пән апталығында оқу үрдісіне бір жаңалық қосып келеді. Биылғы жылы оқушылардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру мақсатында,  «Читать-это модно» атты  тақырыпта юбиляр-жазушылардың шығармаларын QR арқылы ашып оқуға мүмкіншілік беретін стендтер ұйымдастырды.
Іс шараға гимназия директоры Гүлпаш Рамазанқызы мен директордың оқу әдістеме орынбасары Дидар Аудановна қатысып, лайықты бағаларын беріп, орыс тілі бірлестігіне сәттілік тіледі.
Ашылу салтанаты өз деңгейінде қызықты да мазмұнды өтті.