11
февраль
2021
"Мәселе" Ғазиза Бердыбай
"Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай,"- деген екен М.Жұмабаев. Осынау бай да, таза тілдің қадір-қасиетін ұғындыру қазақ тілі мұғалімдерінің басты мақсаты. Бүгін мектебімізде 11.02.21-19.02.21 ж аралығында өтетін қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі онкүндігінің ашылу салтанаты болып өтті. Ана тіліміздің мәртебесін көтеруге атсалысайық!