14
октябрь
2019
"Орыс тілі мен әдебиеті" пәні бірлестігінің 10 күндігінің қорытындысы
Байзақ ауданы 1мектеп-гимназиясында 2-12қазан аралығында орыс тілі пəнінің 10 күндігі өтті. Жоспар бойынша 10күн ішінде түрлі іс-шаралар өткізілді. Мақсаты: оқушылардың интеллектуалды жəне шығармашылық қабілеттерін дамыту; орыс тіліне құрмет жəне орыс тілі мəдениетімен танысып,оқушылардың білімін арттыру. Осы 10 күн ішінде оқушылар орыс тілінде өлең оқып,үй шаруасында қолданылатын ежелгі орыс халқының ыдыстарынан көрме ұйымдастырды. Үзіліс уақытында оқушылар өзара мақал-мəтел,жұмбақ жасырудан жарысып,орыс халқының ұлттық тағамдарынан жəрмеңке жасады. Сыныптан тыс бастауыш сынып оқушылары"Что за прелесть эти сказки!","Знай и люби русский язык";5-7сынып арасында "Знатоки русского языка",9-11сынып аралығы"В гости к Пушкину спешу..."тақырыбында өтілген мерекелік кеште оқушылар актерлық шеберліктерін көрсете білді.