Шаухаров Фазыл Сұлтанқұлұлы
Шаухаров Фазыл Сұлтанқұлұлы
1955 жылы 31 желтоқсанда Жамбыл облысы Байзақ ауданы (бұрынғы Свердлов) ауданының Үлгілі ауылында дүниеге келген.
1962-1972 жылдары аралығында Үлгілі сегіз жылдық мектебін бітіріп, Михайловка (қазіргі Сарыкемер) ауылында Қазақстанның 40 жылдығы орта мектепті бітірген.
1977-1978 жылдары Мойынқұм ауданы, Амангелді атындағы №8 мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып бастаған.
1978-1980ж Свердлов ауданы Жамбыл атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмыс істеген.
1980ж Үлгілі орта мектебінде Алғашқы әскери даярлық мұғалімі.
1985ж Үлгілі орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
1990-1999 жылдары Үлгілі орта мектебінде директорлық қызмет атқарған.
1999-2006 жылдары Үлгілі орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмыс істеген.
2006-2013 жылдары директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін Үлгілі орта мектебінің директоры қызметін атқарады. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі төсбелгісімен марапатталған.