Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2-24-60
IT-орталық
8 (707) 218 11 91
Нашар көрушілір
нұсқасы
"Түркі тілінің ішіндегі гауһары - қазақ тілі"
31
январь
2022

"Түркі тілінің ішіндегі гауһары - қазақ тілі"








№1 мектеп - гимназиясында 31.01.2022   күні "Түркі тілінің ішіндегі гауһары - қазақ тілі" тақырыбында  қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі апталығының ашылу салтанаты өтті. Апталық салтанаты  оқушылардың қазақтың мақал- мәтелдерін, тіл туралы өлеңдері мен  қанатты сөздерін айтуынан басталды. АКТ залында қазақтың күмбірлеген домбырасы, мұғалімдердің әндері, салт-дәстүр, қазақтың ұлттық тағамдары, қазақи дастарханмен жалғасын тапты.  Апталықтың жоспарында бірнеше жаңартылған білім мазмұнындағы сабақтар, төңкерілген сынып, сыныпты зерттеу сабақтары, БИС технологиясында ашық сабақтар мен заман талабына сай "Эссе жазудың тиімді жолдары" және жас мамандарға әдістемелік көмек ретінде "   Жаңартылған білім беру мазмұныны бойынша  ҚМЖ жасау  үлгілері" тақырыбында семинарлар бекітілген.