Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2-24-60
IT-орталық
8 (707) 218 11 91
Нашар көрушілір
нұсқасы
27
октябрь
2020

Әзімбаев Мейірбек Бекназарұлы

                Әзімбаев  Мейірбек  Бекназарұлы

2002 жылы 4 маусымда  дүниеге келді.   

2008-2017 жылдар аралығында Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінде оқыды. 

2010-2017 жылдар аралығында Кенен Әзірбаев атындағы балалар және жасөспірімдер саз мектебінде домбыра аспабы бойынша білім алды.  

«Атадан қалған асыл мұра» атты конкурстың бас жүлдесінің бірнеше рет жүлдегері.

2011-2015 жылдары 2 дүркін республикалық «жас музыкант» байқауының 1 орынды иегері. 

2016 жылы облыстық «Ақберен» байқауының 1 орын жүлдегері. Семей қаласында өткен «Ақберен» Республикалық жасөспірімдер байқауында  күй орындау номинациясы бойынша 2 орынды иеленді.

2017 жылдың қазан айында Париж қаласында өткен бүкіләлемдік «ЮНЕСКО» клубы ұйымдастырған «Балалар әлем ырғағында» атты жасөспірімдер гала концертіне қатысып, әлемге аты танылған Димаш Құдайбергенов, Сүндет Байғожин, Майра Мұхамедқызы сынды өнер   саңлақтарымен бір сахнада домбырасын күмбірлетіп өз өнерін әлемге паш етіп қайтты. 

Қазір Алматы қаласындағы  П.Чайковский атындағы музыка колледжінде «халық аспаптары» факультетінде оқиды.

Менің қымбатты ұстаздарым! Сіздерді мектептің 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. 

Похожие публикации:

29 октябрь 2020 Жұмаханұлы Ғалым
23 февраль 2019 "Ақберен" байқауы