Ахметов Панабек Үшкемпірұлы

1975 жылы 14 ақпанында туылған. 1990 жылы Жамбыл қаласындағы музыкалық училищесіне түсіп, 1994 жылы «домбыра аспабы» мамандығы бойынша диплом алды.
1994 жылы Алматы мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясына қабылданды.
Еңбек жолын 2001 жылдан К. Әзірбаев атындағы балалар саз мектебінде домбыра сыныбының мұғалімі болып бастаған.
2013 жылдан бастап К. Әзірбаев атындағы балалар саз мектебінің директоры. 2014 жылы облыстық семинарда «Қазақстан аймақтық күйшілік ерекшеліктері» тақырыбындағы баяндамасы үшін Алғыс хатымен марапатталды
2017 жылы 1 маусым балалар күніне байланысты шеруді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
Халықаралық «Кел, еркем Алатауыңа» атты домбырашылар байқауының ІІ орын лауреаты.