Сатылганова Зауреш Бақтыбайқызы
1982 жылдың 9 наурызында Қырғызстан Республикасы Сокулук ауданында дүниеге келді .
1990-1999 жылдары Қазақстанның 40 жылдығы атындағы орта мектебінде білім алып, 1999 жылы 11 сыныпты бітірді. 1999-2003 жыл аралығында М.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің «Бастауыш сыныптың оқыту методикасы» факультетінде білім алды.
2006 жылы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы Ю.Гагарин орта мектебіне іс-жүргізуші болып жұмысқа қабылданды. 2007 жылдан бастап бастауыш сынып мұғалімі қызмет атқарды.
2015 жыл бастап директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.
Қоғамдық жұмыстарда: 2007 жыдан бері сайлау учаскесінің хатшысы.
2010-2016 жыл аралығында «Нұр Отан » Байзақ ауданы филиалының «Жарық тарату» БПҰ төрайымының орынбасар қызметін атқарды.
Жамбыл облыстық кәсіптік одағының Құрмет грамотасымен, Нұр Отан партиясының, білім бөлімінен бірнеше рет марапаттауларға ие болды.