Дидарбекова Наужан Әбдісатарқызы

Дидарбекова Наужан Әбдісатарқызы
Филология ғылымдарының кандидаты
1999-2003 жж. аралығында М. Х. Дулати атындағы ТарМУ-нің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша, 2003-2004 жж. аралығында аталған университетте «Филология» мамандығы бойынша магистратурада білім алып, үздік дипломмен аяқтаған.
2010ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған.
2004-2009 жж. өзінің еңбек жолын А. Яссауи атындағы ХҚТУ оқытушы болып бастаған.
Қазіргі уақытта (2016 ж. бастап) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің бас сарапшысы қызметін атқаруда.
2015 жылдан бастап Білім беру саласындағы зерттеушілердің қазақстандық қауымдастығының мүшесі.
Наужан Дидарбекова білім беру саласындағы жетістіктері үшін бірнеше алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен, дипломдармен марапатталған.