Мамыраимова Аякөз Нурсалимовна

1962 жылдың 25 желтоқсанында дүниеге келген.
1980 жылы Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің заң факультетіне оқуға түскен.
1985 жылы аталған университетті бітіріп, жолдамамен Жамбыл облыстық Ішкі Істер Басқармасының қарамағында жұмыс атқарған.
1986 жылы Свердлов (қазіргі Байзақ) аудандық ішкі істер бөлімінде тергеуші, кейін аға тергеуші болып қызмет атқарған.
2000 жылы Жамбыл облыстық ішкі істер басқармасы аппаратының тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші етіп тағайындалды.
2001 жылы Байзақ аудандық ішкі істер бөлімінде аға тергеушілік қызметіне қайта оралып, ауыр және аса ауыр көп эпизодты қылмыстық істерді тергеумен айналысқан.
Кәсіби шеберлігі үшін КСРО ІІМ-нің, ҚРІІМ-ң «Үздік қызметі үшін» төс белгілерімен, ҚРІІМ-ң Құрмет грамотасымен марапатталған.
Сондай-ақ Жамбыл ОІІБ-ң «Үздік тергеуші» атағын алған.
Ішкі істер саласында 25 жыл үздіксіз тергеу саласында қызмет етіп, мол тәжірибе жинақтаған, өзінен кейін қызметке келген жастарға тәлімгер болып, тергеудің қыр-сырын үйреткен.
2009 жылы Байзақ аудандық ІІБ-нің тергеу ісі жөніндегі орынбасары қызметінен зейнеткерлікке шыққан. Қазіргі таңда Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының мүшесі.