Кәсіптік бағыт - бағдар беру - кемел келешектің кепілі
Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес №1 мектеп-гимназиясында «Кәсіптік бағыт - бағдар беру - кемел келешектің кепілі» атты іс-шара өтті. Аталған іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Даулетов Дәуір Рысбайұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Нұралиев Нұржан Тоқбергенұлы, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының басшысы Қайыпчаев Бекбол Сұраншыұлы, әдіскері Жұматаева Меруерт Мұратқызы, Байзақ ауданының жеке кәсіпкерлері Жабатаева Лаззат Келдибековна, Заурбеков Талғат Бөкейханұлы, Бекбауов Асқар Смайұлы,Есенкулов Жамалбек Қожабекұлы және аудан мектептеріндегі директордың кәсіптік бағдар беру орынбасарлары қатысты. Іс-шара барысында «Кәсіптік бағыт-бағдар беру» орталығы мен мультимедиа кабинеттері ашылып, кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырылды.Іс-шара барысында келген қонақтар оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысып, жылы лебіздерін білдірді.