Садубаев Алмас Кәдірбекұлы
Садубаев Алмас Кәдірбекұлы
1984 жылы 25 қыркүйекте Жамбыл облысында дүниеге келген. Журналист, Қазақстан Республикасы ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры.
2001-2005 жылдары М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың Журналистика факультетін үздік дипломмен тәмамдаған.
2005-2007 жылдары «Қайнар» университетінде экономика мамандығы бойынша білім алған.
2011 жылы Абай атындағы КазҰПУ-дың «Аймақтану» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесін алған.Еңбек жолын 2003 жылы Тараз қаласындағы Облыстық радиода жаңалықтар бөлімінің редакторы болып бастаған.
2004 жылдан бастап облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің редакторы;
2005-2008 жылдар аралығында Астана қаласында «Қазақстан» ұлттық арнасы жаңалықтар бөлімінің редакторы, PR-директор қызметтерін атқарған.
2008-2010 жылдары Алматы қаласында Республикалық «Заң газеті» мен «Заң» журналының бас редакторы,
2010 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот төрағасының баспасөз хатшысы.
2010-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінің сарапшысы болып қызмет істеген. 2011-2015 жылдар аралығында «ҚР ІІО Медиа орталығы» ЖШС-нің бас директоры.
2015 жылдың 25 ақпанынан бастап Министрдің баспасөз хатшысы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры.
Қоғамдық қызметі
Қазақстанның Бас редакторлар клубының Вице-президенті
Марапаттары
- Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы;
- Қазақстан Республикасының Ақпарат саласының Үздігі;