Нұрбаев Өнербек Әбдіжәділұлы

Нұрбаев Өнербек Әбдіжәділұлы
1967 жылы туылған. Мәдениет саласында 1985 жылдан бастап қызмет атқарып келеді.
1988 жылы мәдениет үйіне қарасты «Шолпан» халық ән-би ансамблінің көркемдік жетекшісі, танымал әнші
1991 жылы Амангелді ауылдық мәдениет үйінің директоры.
1998-2011 жылдар аралығында аудандық мәдениет үйінің директоры қызметін атқарды.
Бүгінгі күні аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекші қызметін атқаруда.
Сонымен қатар аудандық мәдениет үйінде қызмет жасаған уақыттан бері өзі домбырашылар үйірмесін ашып, мектеп оқушыларын осы өнерге қызықтырып, оның жұмысын жандандыруда. Аудандық мәдениет үйінде өткізіліп жатқан барлық көпшілік мәдени іс-шараларға жетекшілік етеді, теоретикалық дайындық деңгейі, іскерлігі жоғары.
2003 жылы Шымкент қаласында өткен «Елім менің» Республикалық патриоттық әндер байқауында орындаушы номинациясы бойынша І орынды иеленді.
2009 жылы Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері.