Айтымбетова Гауһар Әзімбекқызы
Айтымбетова Гауһар Әзімбекқызы
1968 жылы Свердлов ауданы Суханбаев колхозында дүниеге келген.
1975-1985 жылдары Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің түлегі.
1985-1990 жылдары Алматы қаласы Қазақ Мемлекеттік қыздар институтының филология факультетін бітірді.
1990-2000 жылдары Алматы қаласындағы № 43 мектепте мұғалім болып жұмыс істеді.
Қазіргі уақытта жеке кәсіпкер. Отбасында 2 қыз тәрбиелейді.
Байзақ ауданы №1 мектеп-гимназиясының 80 жылдық мерейтойы құтты болсын.
Білім ордасы жарты ғасырдан астам уақыт көптеген білімді шәкірттерді баптап, өмірге қанат қақтырған киелі шаңырақ.
Алтын ұя мектебіміздің, хан сарайына бергісіз ақ ордамыздың 80 жылдық мерейтойы құтты болсын! Қазақстанның көк байрағын биік ұстар азаматтарымыз осы мектептен тәрбиеленіп, даңқы аса берсін! Алда талай белестерге жетіп, асқар шыңдардан аса беруіне шын жүректен тілектеспін!