Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2-24-60
IT-орталық
8 (707) 218 11 91
Нашар көрушілір
нұсқасы
29
октябрь
2020

Аманғозиев Жандос

                        Аманғозиев Жандос

1985 жылы 24 шілдеде дүниеге келген. 

       1991жылы  Қазақстанның 40 жылдығы атындағы орта мектебіне 1-ші сыныпқа барды. 

      2002-2005 жылдары  аталған мектепті бітіріп, Теміржол колледжіне түсті. Қазіргі таңда өнер жолында. 

Киелі Жамбыл өңірінен   ойып тұрып орын алып, биікке қол созып, тауменен таласып тұрған Байзақ ауданы № 1 мектеп-гимназиясы биыл сексенге аяқ басты. 

Қасиетті қара шаңырақтың қабырғасы қаланып, түлектері түлеп жатқанына аз да емес, көп те емес, ғасырға жуықтады. Торқалы той құтты болсын! Осы аралықта қаншама ұстаз еңбек етті, білім дәнін екті, қаншама шәкірт қазақи тәрбие мен қазақ тілінің мәйегіне сусындап, қадірін біліп, зердесіне құйып, қоржынын толтырып, ұлы өмірге қанат қақты. 

Алаштың ардақты азаматтары Қазақстанның түкпір-түкпірінде елеулі еңбек етіп, тіліміз бен ұлттық мүддеміздің жанашыры болып жүргенімізге сенімдімін! Міне, мектептің ерекшелігі! Мақтанамыз! 

           Мектептің осы кезге дейінгі жинаған абыройы бұдан әрі де асқақтай берсін! Ұстаздар қауымына мықты денсаулық пен ұшқыр ой, шәкірттерге талмайтын қанат, таусылмайтын  білім тілеймін, болашағы жастардың жарқын болғай! Мерейлі мереке құтты болсын!