Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2-24-60
IT-орталық
8 (707) 218 11 91
Нашар көрушілір
нұсқасы
29
октябрь
2020

Болшыбеков Алмаз Инкарбекұлы

Болшыбеков Алмаз Инкарбекұлы

1977 жылы 23 қыркүйекте Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында дүниеге келген.

1984-1994 жылдары Қазақстаның 40 жылдығы орта мектебіне бірінші сыныпқа  барып, орта білім аттестатын алды. 

1994 жылы Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласындағы Медициналық колледжінің «Тіс дәрігері» мамандығына оқуға түсті. 

1997 жылы аталған колледжді бітіріп, тіс дәрігері мамандығына ие болды.

2010-2015 жылы Алматы қаласындағы С.Д.Асфендиаров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетіне «Денсаулық сақтау және басқару» мамандығы бойынша оқу бітірді.

1997 жылдан бастап Сарыкемер ауылындағы Байзақ шаруашылық есеп емханасында тіс дәрігері болып  жұмыс істеді. 

1998-2002 жылдар аралығында ЖШС «Арай-ДЕНТ» мекемесінде тіс дәрігері.

2002-2004 жылдарында ЖШС  «Арай-ДЕНТ» мекемесінде директор қызметін атқарды. 

2004-2012 жыл ЖШС «Шипагер» мекемесінде тіс дәрігері.

2013 жылы жеке тіс емханасын ашып, қазіргі күнге дейін тіс емханасын басқарады.