Айтымбетова Раушан Әзімбекқызы

Айтымбетова Раушан Әзімбекқызы
1964 жылы Свердлов ауданы Суханбаев колхозында дүниеге келген.
1973-1981 жылдары Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің түлегі.
1981-1986 жылдары Алматы қаласы Қазақ Мемлекеттік қыздар институтының физика-математика факультетін бітірді.
1986 жылы жолдамамен Луговой ауданындағы Калинин орта мектепінде мұғалім болып жұмыс істеді.
1987 -1988 жылдары Сарыкемер ауылындағы № 6 балабақшада тәрбиеші болып жұмыс атқарды .
1989 жылы Жамбыл ауданы «Пионер» совхозында бастауыш мектеп директоры.
1991 жылдан бастап осы күнге дейін «Пионер» совхозындағы орта мектебінде физика пәні мұғалімі.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Олай болса, қадірлі ұстаздар мен оқушылар бүгінгі мектеп-гимназияның 80 жылдық мерекесі құтты болсын. Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатудағы, жас буынға дұрыс бағыт – бағдар беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.