Оңғарбаев Мұхан Жетпісбайұлы
Оңғарбаев Мұхан Жетпісбайұлы
1961 жылы 29 тамызда дүниеге келген.
Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтын Москва қаласындағы Совет-Италия бірлескен кәсіпорнының сақтандыру ісін жүргізу жөніндегі оқуын, М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетін бітірген.
1995-1996 жылдары Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының оқу бағдарламасын аяқтап, бағалы қағаз нарығындағы 1-ші дәрежелі мамандығын, Американың Каунтерпарт Консорциумының Қазақстандағы регионалдық бөлімінде оқу бағдарламасын бітіріп, қоғамдық ұйымдардың жұмысын жоспарлау маманы дәрежесін алған.
1986 жылы облыстық комсомол комитетінің нұсқаушысы болып қызмет еткен.
1988 жылы республика көлемінде алғашқы болып, баламалы сайлауда Байзақ аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. «Эгида» сақтандыру компаниясының президенті, «Алға» акционерлік банк төрағасының орынбасары.
1996 жылы «Парасат» қайырымдылық қорының құрылтайшысы, әрі төрағасы міндетін атқарды.
1998 жылы аудан әкімінің орынбасары, «Энергосбыт» ЖШС директоры, «НефтеГазДем» жинақтаушы зейнетақы қорының облыс бойынша аумақтық директоры, «Казкоммерцбанк» ААҚ-ы аймақтық сауда –саттыққа қолдау көрсету Департаменті менеджерлер тобының аймақтық менеджері, «Ұлар Үміт» жинақтаушы зейнетақы қорының Оңтүстік аймақ бойынша аймақтық директоры, «Финкапитал» шағын несие ұйымы қоғамдық қорының төрағасы, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының бөлім бастығы міндеттерін атқарды.
Өмірінің соңына дейін ТарМПИ-де қызмет етті.