Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2-24-60
IT-орталық
8 (707) 218 11 91
Нашар көрушілір
нұсқасы
29
октябрь
2020

Құмғанбаев Нұркен Жұманғалиұлы

                    Құмғанбаев Нұркен Жұманғалиұлы

1979жылы 5 ақпанда дүниеге келді. 1996-2000 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының  Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің «Құқықтану» мамандығында оқыған. 

2001 жылы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасының Байзақ ауданы бойынша бас маманы болып бастаған.

2002-2015 жылдар аралығында Қарағанды облыстық соттар әкімшісі Теміртау қалалық сот отырысының   аға маманы-хатшысы, сот орындаушысы, Байзақ аудандық медециналық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінде бас маман-заңгер, Байзақ аудандық Әділет басқармасында бас маман, Жамбыл облысы Әділет Департаментінің сот актілерін орындау бойынша қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда, Мойынқұм аудандық Әділет басқармасының басшысы болып қызмет атқарып келеді. 

Өзіне жүктелген міндеттерді орындау барысында талап қоя біледі, қызметтік міндеттеріне адал  қызмет атқарып келеді. Жоғары еңбек қабілеттілігімен ерекшеленеді.