Табылдиев Ұябай
Табылдиев Ұябай 1901 - 1939 жылы Байзақ ауданында оқу-ағарту ісін тұңғыш ұйымдастырушы, Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің ірге тасын қалаған, осы мектепте қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дәріс берген алғашқы ұстаз. 1901 жылы Сырдария губерниясы Әулие–Ата уезі Мақпал болысының бірінші ауылында дүниеге келген. Бектеміс елінің Қармыс атасынан тараған Табылды ақсақалдың алты ұл, үш қыздың арасындағы кенжесі. Он төрт жасына дейін әке-шешесінің тәрбиесінде болып, ауыл