20
ноябрь
2023
БАЛАЛАРДЫ ИНТЕРНЕТТЕ ҚОРҒАУ ӘРБІР БАЛА ИНТЕРНЕТТЕ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН, ПАЙДАЛАНУДАН ЖӘНЕ МАЗАҚТАУДАН ҚОРҒАЛУЫ ТИІС "STOP БУЛЛИНГ" ТАҚЫРЫБЫНДА АКЦИЯ
БАЛАЛАРДЫ ИНТЕРНЕТТЕ ҚОРҒАУ
ӘРБІР БАЛА ИНТЕРНЕТТЕ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН,
ПАЙДАЛАНУДАН ЖӘНЕ МАЗАҚТАУДАН ҚОРҒАЛУЫ ТИІС "STOP БУЛЛИНГ" ТАҚЫРЫБЫНДА АКЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ.
Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Адам үйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кезкелген жерде буллингке ұшырауы мүмкін. Бұл кез келген адамның басында болатын жағдай. Бірақ есіңде болсын, ешкімнің сені ренжітуге немесе өзің жайлы жаман ойлауға мәжбүрлеуге құқығы жоқ.
Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін?
Буллинг әр түрлі мағынаны білдіруі мүмкін. Ол:
• адамды мазақтау, қорлау, соқтығысу
• оның ақшасын не басқа заттарын тартып алу, оларды бүлдіру
• сол жайында өсек тарату
• оны елемеу немесе жекелету
• ренжітетін, жаман әзіл айтып, басқа адамдардың алдында ыңғайсыз жағдайға қою
• ұрып-соғу, тепкілеу, итеру немесе басқаша зақым келтіру
• қоқан-лоқы көрсету немесе қорқыту
Буллинг онлайн немесе телефон арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың қатарына ренішті хабарламалар мен суреттер, зұлым мінеп-сынаулар жіберу жатады. Бұлардың барлығы кибербуллинг деп аталады.
@oqu_agartu_ministirligi
@gani.beisembayev
@medetbekovameruert