Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2-24-60
IT-орталық
8 (707) 218 11 91
Нашар көрушілір
нұсқасы
23
декабрь
2021

« Кибербулингке жол жоқ!»

Баланың бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. «Бала нені білсе ұядан – өле-өлгенше соны тамыр қылады»- деген нақыл сөзде қаншама мән-мағына жатыр. Бұл орайда мектептің рөлі зор. Өйткені отбасы тәрбиесі мен мектептегі тәрбие бірі-бірімен тығыз байланысты. Екі жақты байланыс нығайғанда ғана барлық күрделі мәселелердің түйіні шешіледі. №1мектеп-гимназиясында  « Кибербулингке жол жоқ!»  тақырыбында зорлық-зомбылықтың алдын алу  бойынша  психологиялық іс-шаралар өткізіліп отырады.  Мұндағы мақсат: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру. Жеткіншек және жасөспірім кезеңдегі зорлық-зомбылық ерекшеліктерін талдау. Оқушыларға адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету. Зорлық-зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау