«Жазғы демалыс мезгіліндегі оқушылардың қауіпсіздігі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы
№1 мектеп-гимназиясында 15.05.2021 ж күні «Жазғы демалыс мезгіліндегі оқушылардың қауіпсіздігі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналар жиналысын мектеп-директоры ашып , күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды. «Қауіпсіздік бірінші кезекте» тақырыбында ДҚТІЖО Ж. Широва, төтенше жағдай бөлімшесінің инженері А.Өксікбаев, мектеп инспекторы А.Танабаев, 9-11 сынып оқушыларының емтихан тапсыруы туралы «Жазғы мектеп» бойынша ақпарат беру» ДОІЖО Ү.Сүгірбекова, «Сапалы білім алу 21 ғасырдың ең маңызды қажеттілігі» ДОІЖО С.Құсбекова, «Киббермәдениеттілік және қоғам», Ата-ана мен баланың қарым-қарым-қатынасының ерекшеліктері» (зорлық-зомбылық және келеңсіз оқиғаның алдын алу) Педагог-психологтар Канимова П, Жұмағұлов Б, «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» ДТІЖО С.Калабаева, «Жақсылық жасау адамдық парыз» әлеуметтік педагог Г.Иманалиевалар осы тақырыптар бойынша тоқталып өтті. Жиналыс соңында әр түрлі мәселелер талқыланды.