Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2-24-60
IT-орталық
8 (707) 218 11 91
Нашар көрушілір
нұсқасы
" Өмірге қауіпті әдеттер" тақырыбында түсіндірме жұмысы
04
ноябрь
2022

" Өмірге қауіпті әдеттер" тақырыбында түсіндірме жұмысы



04.11.2022ж. Байзақ ауданы  №1 мектеп-гимназия ата-аналары арасында  " Өмірге қауіпті әдеттер" тақырыбында түсіндірме жұмысы өткізілді.
Мақсаты : Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, қылмыстық іс-әрекеттерді болдырмау, жасөспірімдер арасында денсаулыққа, өмірге қауіп төндіретін ойын түрлерін болдырмау туралы ақпараттандыру деңгейін өсіру, жасөспірімдер арасында алкогольді, СНЮС, басқа да есірткі заттарын пайдаланудың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау. 
     Түсіндірме жұмысының негізгі тақырыбы, оқушылар арасындағы денсаулыққа қауіпті ойындарды ойнауы, нәтижесінде қан тамырлары мен ми тіндерінің құрылымдық бұзылыстары дамуы мүмкін, оның арты – тітіркендіргіштік, агрессия, шаршау, ұйқысыздық, есте сақтаудың бұзылуы, интеллектуалдық кемістік. Көбінесе ойнап жасаған іс-әрекеттің арты – көру қабілетін жоғалту, интеллекттің азаюы, мүгедектікке немесе тіпті өлімге алып келуі мүмкін екендігі туралы ескертіп айтылды. Сонымен қатар Снюс өнімдерінің басты қауіптілігі - оның құрамында никотиннің мөлшері темекімен салыстырғанда бірнеше есе көп болуы ( 1 дана темекіде -1,5 мг болса, снюста - 20 мг - 250 мг дейін) Снюстің ағзаға тигізетін зияндылығы: бой өсуінің баяулауы және тоқтауы; иммунитеттің төмендеуі және инфекциялық ауруларға қарсы тұра алмауы;ауыз қуысында, асқазанда онкологиялық аурулардың пайда болуына алып келетіндігі туралы айрықша айтылды.
Түсіндірме жұмысы барысында мектеп ережесі мен жалпы қауіпсіздікті сақтау бойынша нұсқаулық берілді. Кәмелетке толмаған жасөспірімдерге кешкі мезгілде сағ 22-00ден кейін заңды өкілдерінсіз жалғыз жүруге, топқа бірігіп ойын-сауық орындарында, үй жағдайында отырыстар ұйымдастыруға рұқсат етілмейтіндігі, ондай жағдай анықталса ата-аналарына айыппұл салынатындығы жайлы айтылды.
Құрметті ата-аналар! Егер балаңыздың күнделікті мінезінен, іс-әрекетінен, әдеттен тыс жағдайды байқасаңыз, ұнтақ затты, түрлі-түсті таблеткаларды пайда болғанына сезіктенсеңіз, баланы қайғылы оқиғалардан қорғау үшін барлық мүмкіндікті жасауға тырысыңыз! Егер де отбасында психологиялық немесе басқа да қиын жағдай туындаса «111» немесе 2-24-60 мектептің сенім телефонына хабарласып әлеуметтік- психологиялық көмек алуға болады.