Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2-24-60
IT-орталық
8 (707) 218 11 91
Нашар көрушілір
нұсқасы
«Ең бұрымды мектеп аруы» байқауы
22
февраль
2022

«Ең бұрымды мектеп аруы» байқауы







   №1 мектеп-гимназиясында «Ең  бұрымды мектеп аруы» байқауы өтуде. Мақсаты: қыздарды ұлтымыздың салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрып, рухани құндылықтарды құрметтей білуге, ұяңдық пен биязылыққа, инабатты, білімді болуға тәрбиелеу, қыздың қоғамдық орында сонымен қатар мектепте ұқыпты киінуі, өзін-өзі ұстауы және өзгелерге сый құрмет жасауы, эстетикалық тәрбиесін нығайту.
Байқау бірнеше кезеңдерден тұрады. Байқауға қатысушы қыздарды сыныптастары толық қолдау көрсетіп түрлі креативті идеяларды ұсынады. Бұл байқауда сынып жетекшілерінің сыныппен жұмыс жасауда шығармашылықтары байқалады. Байқау оқушылардың қызығушылығын күннен-күнге арттыруда
        Қазақ  қыздарды әрқашанда гүлге теңеген. Табиғатта ең сұлу өсімдік гүл болса, әлемнің сұлуы - қыз. Қыздарымызға тән нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалылық, сыпайылық, әдемілік, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет, сүйіспеншілік, намысы, қайрат жігері, бәрінен де ар тазалығы тән. Осындай қасиеттерімен де қазақ қыздары зор тағылым иесі! Қыз тәрбиесі туралы көп айтуға болады. «Қызға қырық үйден тыйым» - деген сөз қызды кемсіту үшін айтылмаған, керісінше қыз баланың тәрбиесіне зор жауапкершілікпен қарауды меңзейді. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана. Сондықтан, халқымыз әйел - барша тіршіліктің бастауы, өмірдің сәні деп қасиет тұтып, ардақтап аялаған.
Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,
Қыз сұлу көрінеді білімімен.
Қыз сұлу көрінеді шашыменен,
Ай қабақ, қиғаш қара қасыменен.
Қыз сұлу көрінеді толған айдай,
Он екі мен он сегіз жасыменен.- дегендей, халқымыз қыз сұлулығына ерекше мән берген. Қазақ қызы десе, бет - жүзінде ұяңдығы бар, шашы ұзын, басқан ізі білінбейтін жан елестейді. Шолпының сыңғыры құлағымызға келеді...