Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2-24-60
IT-орталық
8 (707) 218 11 91
Нашар көрушілір
нұсқасы
"Кітап - сарқылмас рухани қазына" тақырыбында байқау
25
март
2021

"Кітап - сарқылмас рухани қазына" тақырыбында байқау

     Кітап - адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал. Ол адамзат жасаған ұлы құрметтердің бірі, халқымыз кітапты аса құрметтейді. Кітап оқыған баланың бойына рухани азық, тіл байлық, адами ұстанымы, білімділігін, дарытады, сондықтан да кітап адамзаттың баға жетпес құндылығы деп білеміз. Осы орайда  көктемгі балалар демалысында наурыз айының 25, 26, 27 күндері №1 мектеп-гимназиясында "Тағылым" тәрбие қызметі мен мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен "Кітап - сарқылмас рухани қазына" тақырыбында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында байқау өтті. Осы байқау бойынша жүлдегерлерді марапаттау наурыз айының 29 жұлдызына жоспарланып отыр. Оқушыларды бағалы сыйлықтар күтуде.